🇰🇿ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

🇰🇿ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ
Өңіріміздің спорты мен еркін күресінің дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан республикасының спорт шеберлері Сүтімбетов Мұратбек Қалдыбекұлы мен Мылтықбаев Қасанғали Төребекұлын еске алуға арналған Х республикалық турнир бастау алды.
Бұнда 2008-2009 жылдары туылған жасөспірімдер 12 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Үш күнге созылатын турнирге Алматы қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Алматы облыстары мен Түркістан облысының барлық аудандарынан және де Өзбекстан елінен 350-ге жуық боз кілем шеберлері өзара мықтыны анықтамақ.
Жастайынан өмірден қыршын кеткен қос жерлесіміздің бапкерлігімен ауданымыздан Азия, Республика чемпиондары шығып, еліміздің көк туын халықаралық ареналарда желбіреткен.
Салт-дәстүрімізге сай қос спортшының туған-туыстары мен аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өтіп жатқан еске алу турнирінде келген қонақтарға ас беріліп, әруақтарына құран бағышталды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі