Меню
Страницы
Контакты
Пресс-центр
Аппарат акима
Документы
Деятельность
Онлайн приемная
gov@nitec.kz

АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ АУДАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ АУДАН ЖАСТАРЫНА ҮНДЕУ ЖАСАДЫ

Қадірлі жерлестер, елімізде болып жатқан дүрбелең баршамызды алаңдатып отыр. Бейбіт шеру деп бастаған Маңғыстаулық жерлестеріміздің ұраны еліміздің әрбір аймағында жалғасты. Осы орайда қаны қызу, намысы биік қазақ халқының ұрпағын бірауыздан ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырамын. Әрбір отбасының үлкендері, ауыл ақсақалдары мен ел ағалары ауылдастарын, балаларын ынтымаққа шақырып, тәуелсіз елдің ұландары екенін айтып жеткізсе деймін. Маңызды шешімді үкімет оң жағынан қабылдайтынына сенімдімін. Болып жатқан толқыныс елді әжептеуір сарсанға салғаны ақиқат. Осы орайда, ел президентінің шығарған қаулысын толық қолдаймын. Жастарымыз елдің болашағын ойлап, көзқарастарын өзгертеді деп білемін. Елдің ойын, тілегін үкімет толық түсінгені ақиқат. Ендігі сабырлылықпен шешімнің шыққанын күту ғана қалды.

Қадірлі жерлестер, бейбіт күнде үкіметке қарсы шығып, елдің тыныштығын бұзудан аулақ болайық. Тәуелсіздігіміздің  30 жылдығын аман-есен тойлап, жаңа жылдың жаңа күндерін сәтті бастағалы тұрғанда болған мына оқиға елімізді алаңдатып отыр. Сабыр сақтап, шыдамды болып, ел болашағын, маңызды бейбітшілігімізді ойлап, әрекет етіп, дұрыс шешім қабылдай білгеніміз жөн. Болашағымыз жарқын, еліміз аман болсын.

Азамат ИМАШЕВ,

Жастар ресурстық орталығының директоры.

Дата публикации
10 января 2022
Направления деятельности
Внутренная политика
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Цели устойчивого развития