Меню
Страницы
Контакты
Пресс-центр
Аппарат акима
Документы
Деятельность
Онлайн приемная
gov@nitec.kz

АРАНДАТУШЫЛАРҒА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

АРАНДАТУШЫЛАРҒА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

Тәуелсіз елдің нар тұлғалы, текті азаматтары! Қадірлі замандастар. Еліміздің басына түскен мына қиын кез баршамыздың жанымызды шүберекке түйгіп, кеудемізге қорқыныш ұялатып отырғаны өтірік емес. Бейбітшілік пен тәуелсіздігіміздің көк туы желбіреп тұрған тыныш заманда азаматтарымыздың алаңға ұрандатып шығуы жанымызды ауыртып отыр. Талаптары бір, сөздері нық азаматтар қымбатшылыққа қарсы екенін айтып, суық күнде тоңып, үкіметтің саясатына сын айтуда. Бұл баршамызға ауыр ой салды. Маңғыстаулық ағайындарымыздың бейбіт шеруі бүгінде әр қалада бастау алып, соңы қақтығыстар мен күш көрсетуге алып келіп отыр. Бұл егемендігі бар ел үшін ішінара болып жатқан орны толмас қасірет деп білемін. Үкіметке тілегі мен назын айтқан жастардың ойы бейбіт шерумен басталғанымен, соңы түрлі дүниелермен жалғасты. Ауызбіршілігі мығым, ынтымағы жарасқан қазақ елінің азаматтары бұл қателігін түсініп, шеруді дер кезінде тоқтататынына сенімім мол. Осы орайда жерлестеріме, балаларыма ақылымды айтып, ынтымаққа шақырғым келеді. Халықтың назы мен сөзін үкіметтегілер естіді, білді. Ендігі біз тек қана сабыр сақтап, халықты шыдамдылыққа, ауызбіршілікке шақыруға тиістіміз. Халық қалауы біреуді құлатқанымен, біреуді жылатқанымен шешілмейді. Тек сабырмен билік өкілдеріне жеткізіп, шыдамдылықпен шешімді күту керек. Ел үшін әр адамның өмірі қымбат. Осы орайда, бұл шеруден ешқандай шығын болмай, жастар ақылға келіп, ынтымағы жарасып, бейбіт түрде тарқайтынына сенемін.

Құрметті  ағайындар, айқай шусыз, дау-дамайсыз әрекеттің халін біліп, шыдамдылық сақтап, шешімді күтейік. Әр қазақ аман болып, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырынан танбасын!

Өміртай Қалықұлов,

Түлкібас, Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы.

Дата публикации
10 января 2022
Направления деятельности
Внутренная политика
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Цели устойчивого развития