Елімізде орын алған жағдайларға байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Түлкібас ауданында жүзге жуық түрлі салада қызмет ететін еріктіден құралған «ХАЛЫҚ САҚШЫСЫ» жасағы құрылды.
Жасақтың негізгі мақсаты полиция қызметіне көмек беру, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Елдің тыныштығын күзетуге ат салысуға ниет білдірген еріктілермен аудан әкімі Нұрлан Байғұт кездесіп, сындарлы сәтте ел бірлігін ұран еткен жандарға алғысын білдірді.
Айта кетерлік, қазіргі таңда ауданымызда 94 ерікті «Халық сақшысы» жасағына кірді. Оның шінде, жастар, спортшылар, мүғалімдер бар. Олар аудан аумағындағы 15 ауылдық округ, кенттерге бөлініп жергілікті полиция инспекторларымен бірге төтенше жағдай режимін сақталуына ат салысатын болады.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі