«Даму» Қоры – бизнеске қолдау көрсетеді!

«Даму» Қоры – бизнеске қолдау көрсетеді!

Шағын және орта кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау ала алады.


 Ақпарат алу жолдары:

 Қордың www.damu.kz сайтына кіріңіз. Онда өзіңізге ыңғайлы тілді және өзіңіз тұратын аймағыңызда жүзеге асырылатын, жобаңызға қажет қолдау құралын таңдап, шарттарымен таныса аласыз. Сондай-ақ, әр бағдарлама бойынша шамамен несие калькуляторы да берілген.



 1408 колл-орталық жұмыс күндері, сағат 09:00 мен 18:00 аралығында қызмет көрсетеді. Біздің операторлар ЖК немесе ЖШС тіркеу жолдары, банк талап еткен кепілдік пен субсидия алу үшін өтінімді қайда, қалай беретініңізді түсіндіріп, банктен несие алу үшін жинайтын құжаттар тізімімен таныстырып, қай банкте қаржы бар екенінен хабардар етеді.



 Жобаңызды жүзеге асыратын өңірде біздің филиалдар да бар. Клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер сіздің бизнесіңізге ыңғайлы бағдарлама таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ құжат жинап, банкке/микроқаржы ұйымы немесе лизинг компаниясына өтінім бергенге дейін сүймел қолдау көрсетеді. Барлық өңірдегі филиалдар мекенжайы мен телефон нөмірі әлеуметтік желілердегі парақшамыздағы бас жағында сақталған, сайттың бірінші бетінде де бар.


 «Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!