Меню
Страницы
Контакты
Пресс-центр
Аппарат акима
Документы
Деятельность
Онлайн приемная
gov@nitec.kz

НЕСИЕ АЛЫП КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫРҒАН АНА

НЕСИЕ АЛЫП КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫРҒАН АНА
Қазақта «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген аталы сөз бар. Расында да еліміздің демографиялық өсіміне үлесін қосып қана қоймай, кәсіпкерлікті қоса алып жүрген аналарымыз жетерлік. Солардың бірі Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғыны - Сұлушаш Қасқабаева.
 
Сұлушаш Орынбасарқызы – көпбалалы ана, оның жеті перзенті бар. Кәсіпкерлікпен 15 жылдан бері айналысып келе жатқан ол сауда ісінің қыр-сырын әбден меңгеріп, енді балаларын кәсіпкерлікке баулып жүргенін айтады. «Менің азық-түлік сататын дүкенім бар. Осыдан 15 жыл бұрын KMF микроқаржы ұйымынан 100 мың теңге алып, кәсібімді бастаған едім. Ісім оңға басып, кейін 200 мың, 500 мың, 600 мың, 1 млн, 2 млн теңгеден алып, ауқымын ұлғайта бердім. Енді KMF-тің көмегімен екі қабатты дүкен ашуды жоспарлап отырмын», - дейді Сұлушаш Қасқабаева.
 
Кәсіпкер ананың айтуынша, ол тағы бір дүкенін жөндеп, жалға берген. «Кәсіп бар жерде, нәсіп бар. Кәсіпкерлік дамыса жаңа жұмыс орындары ашылады, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарады, еліміздің экономикасы көркейеді. Ал менің кәсібіме қолдау көрсетіп келе жатқан KMF-тің жөні бөлек, алғысым шексіз! KMF-пен жұмыс істегеніме қуанамын, қолжетімді, шарттары өте ыңғайлы, соның арқасында бизнесімді ұлғайтып жатырмын», - дейді кәсіпкер.
Дата публикации
08 ноября 2021
Направления деятельности
Предпринимательства
Популярные новости
Социальные медиа
Меню подвал
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК
Цели устойчивого развития