Түлкібас ауданы аумағында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Түлкібас ауданы аумағында жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

№113

19.05.2021 жыл

 

 

 

Түлкібас ауданы аумағында жер учаскелерін

мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін

мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 84-бабына және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы»  Заңының 63-бабына сәйкес аудан  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1.Қоса беріліп отырған Балықты ауылдық округі аумағында орналасқан жер учаскелерінің орналасқан жері, алаңы, кадастрлық нөмірі, көрсетілген жер учаскелерінің меншік иелері және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй салу үшін, халықтың жер учаскелеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында, осы қаулы жарияланған күннен бастап үш ай өткен соң 2021 жылдың 27 тамызына дейін иеліктен шығарылып, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары басталсын (қосымша).

          2.Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелерінің және мемлекеттік емес жер пайдаланушылардың жүгінетін орны Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Жантуров көшесі №17 үй, «Түлкібас ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

          3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің  орынбасары Б.Ахметовке жүктелсін.

 

 

          Аудан әкімі                                                                           Н.Байғұт