1. Өз жинақтарымды жеке компанияларға инвестициялық басқаруға беруден қауіптенемін, сенімді ақтамаулары да мүмкін. Оларды мен БЖЗҚ-ға қайтара аламын ба?

1.	Өз жинақтарымды жеке компанияларға инвестициялық басқаруға беруден қауіптенемін, сенімді ақтамаулары да мүмкін. Оларды мен БЖЗҚ-ға қайтара аламын ба?

Міндетті зейнетақы жинақтарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшеріне инфляция деңгейін ескере отырып,Ұлттық банктің басқаруында болған сомаға ғана қолданылады.

Инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) пайдасына алынған зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі мен Заң талаптары  және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі  деңгейінің арасында  теріс айырмашылық пайда бола қалған жағдайда, аталған теріс айырмашылықты ИПБ өз капиталы есебінен ҚНРДА бекіткен нормативтік құқықтық актіге сәйкес тәртіп пен мерзімде БЖЗҚ-ға қайтарады. Аталмыш ИПБ-да  зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруда болған салымшыға жылдың алдындағы жылдың соңында ақшаны қайтару жүзеге асырылады. Бұл ретте аталған сома салымшының БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шотына аударылады.

Кірістіліктің ең төменгі мөлшері нарықта әрекет етуші ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептеледі. Зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігі мен орташа алынған кірістілігі туралы көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет ресурсында ай сайын жарияланып тұратын болады.

ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% -нан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітетін болады және ол жылына көп дегенде бір рет өзгеруі мүмкін.

Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін салымшы:

- БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінішті жылына көп дегенде бір рет беруге;

- БЖЗҚ-ға ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына алғаш берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес) өтініш беруге құқылы.

Салымшы зейнет  жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын оның зейнетақы жинақтары инвестициялық кірістілік есебімен Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына (егер жинақтар осы мерзімге дейін ИПБ сенімгерлік басқаруында болған жағдайда) қайтарылады және зейнетақы жинақтарын кесте бойынша жүзеге асыру, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу немесе заңнамада қарастырылған өзге де мақсаттарға пайдаланылады.