Құрметті достар! Мобильді азаматтар базасы (МАБ) – eGov қызметтерін пайдаланушының жеке мәліметтері жинақталып, сақталатын база. Азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) базаға енгізілген телефон нөмірімен байланысты болады. Сәйкесінше, базаға тіркелген азаматтар eGov-тың мобильді қосымшасы мен Telegram бот арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн ала алады. eGov порталына ЭЦҚ-сыз бір реттік пароль арқылы кіруге болады.

Мобильді азаматтар базасына Қазақстанның жеке куәлік алған (16 жастан асқан) азаматтары тіркеледі.

💬 Егер сізге ЭЦҚ алу керек болса, не болмаса порталға бірретік жасырынсөз арқылы кіру керек болса, сізден ұялы телефоныңыздың мобильді азаматтар базасында(МАБ) тіркелуі талап етіледі. Бұл базада тіркелу оп-оңай, әрі халыққа берер артықшылықтары көп! Мәссаған, сіз тіркелмегенсіз бе? Мақала біткенше дәлқазір тіркеліп кетіңіз:

1 Egov.kz порталына кіріңіз

2 Оң жақ төменгі бұрыштан «Виртуалды ассистентке» басыңыз

3 Камера батырмасына басып, бейнетүсірілімге рұқсат беріңіз

4 Байланысқа шыққан операторға жеке куәлігіңізді көрсетіңіз

5 ЖСН нөміріңізді, телефон нөміріңізді, телефонға келіп түскен бір реттік кодты хабарлаңыз

6 Сіз тіркелдіңіз! Мобильді базада тіркеу сізге egovkzbot2.0 телеграм-ботын, egov mobile қосымшасын және проактив қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.