БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 17 наурызда онлайн форматтағы «Ашық есік күнін» өткізедіОсы іс-шараға кез келген адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен үйден шықпай-ақ қатыса алады. 

           Іс-шараның тақырыбы – «БЖЗҚ-ның онлайн қызметтері. Қызметтерді үйден шықпай-ақ қалай алуға болады?» деп аталады. Іс-шараның негізгі аудиториясы БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің артықшылықтары туралы білмейтін салымшылар болуы тиіс. Қазіргі уақытта Қор виртуалды кеңістікте қызметтердің толық спектрін ұсынады. Атап айтқанда, корпоративтік сайттың немесе мобильді қосымшаның көмегімен бірнеше минут ішінде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алуға, деректемелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алып, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беруге, төлемге берілген өтініштің мәртебесін бақылауға және т. б. қызметтерді алуға болады.  

           Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпараттандыру болып табылады. 

 Естеріңізде болсын, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурызда сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн платформада 3 сессиядан өтеді:  

    1 сессиясы сағат 10-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 09-30)  

    2 сессиясы сағат 12-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 11-30)  

    3 сессиясы сағат 15-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 14-30)  

 

           Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы: 

     1 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e711a632a3aed67ec62bd5a389405e2fb сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 184 962 3092 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі. 

     2 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e72d555f5983fae6c7167ba4691eee0d6 

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 184 974 8991  мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі. 

     3 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e3b0d7df8b93c734ac2af6054294a49f8 

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 184 224 3659 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі. 

 

Біз Сіздерді күтеміз!