Жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІІІ-сессиясын шақыру туралы

Жетінші шақырылымдағы  аудандық мәслихаттың кезектен  тыс ІІІ-сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 18-бабының 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс ІІІ-сессиясы 2021 жылы 11 наурызында сағат 1000-ге Т.Рысқұлов ауылына шақырылсын.

Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары мен
аудан халқының назарына


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезектен тыс ІІІ-сессиясы 2021 жылдың 11 наурызында сағат 1000-де (сайлау) аудандық мәдениет үйінде өтеді (Мекен жайы: Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметова 205 үй).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 11 наурызында сағат 930-дан бастап жүргізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселе:
⦁ Түлкібас ауданы Кемербастау ауылдық округі әкімін сайлау туралы