Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндері фестивалі – қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттауға, сондай-ақ Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытуға бағытталған. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ.
Биылғы ән додасына 20 елден 20 елдің өнерпаздары қатысады. Қатысушылар Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Қырғызстан, Куба, Гвинея, Қарачай-Черкес Республикасы, Башқұртстан және Бразилия елдерінен келген әншілер қатысады.