
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоғамдық орындардағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Жыл басынан бері санитарлық талаптарды бұзған және қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттер жасаған азаматтарға қатысты заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 4 989 әкімшілік хаттама толтырылып, 147,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның 95,6 млн теңгесі өндірілді. Сондай-ақ 505-бап бойынша 6 453 әкімшілік хаттама рәсімделіп, 33,7 млн теңге айыппұл салынды. Оның 26,3 млн теңгесі өндірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің аппарат отырысында баяндалды.