БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 27 қараша күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Әрбір адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау» деп аталады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. «Ашық есік күніне» қатысушылар шеберлік сабағы форматында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білетін болады. Қор мамандары оларға болашақ зейнетақыларын есептеуге көмектесіп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жылдам әдістерін көрсетеді.   

  Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру де осы іс-шараның мақсаты болып табылады.   

  «Ашық есік күнінің» 27 қарашада сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн платформада 3 сессиядан өтетінін еске саламыз.

    1 сессиясы сағат 10-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 09-30)

    2 сессиясы сағат 12-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 11-30)

    3 сессиясы сағат 15-00 өтеді. (қосылу уақыты сағат 14-30)

 

           Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

     1 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5b907c3777a4b54a35371e4a0e609e7f

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 176 431 8446 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

     2 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e5ffa55d900495930b472a476912917b8

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 176 951 3473 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

     3 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e35b959f5768cf3d5cd5e7c196a1e44bf 

сілтемесімен өту керек. Сонан соң event-жиналыс нөмірі 176 012 6236 мен event-жиналыс паролі 0000 енгізіледі.

 

Біз сіздерді күтеміз!