«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына  орналасуға   жалпы конкурс  туралы хабарландыру

«Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына  орналасуға   жалпы конкурс  туралы хабарландыру

 

Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

Е-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

           жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

     1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы;

      8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

Е-R-1

142460

192366

 

Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

161300, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, 201 үй. Анықтама үшін телефон:(8725-38) 4820, 4841,   эл.почта g.aitymbetova@ontustik.gov.kz

 

Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы (Е-R-1 санаты,  1 бірлік):

Функционалдық міндеттері:. Ауданда құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласының заңдылығын жүзеге асыру жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясатты іске асыру. Құрылыс пен құрылыс өнімдерінің сапасына, тапсыршысының техникалық қадағалау, жобаны әзірлеушілердің авторлық қадағалау және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мердігерлердің қадағалау қызметінің қызметтеріне бақылау жүргізеді. Құрылыс материалдарын мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлік комиссияның жұмысына қатысады. Салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс, қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының, сондай-ак саланың әрі қайта жаңғыртылып жатқан объектілердегі апат пен бұзулардың себептерін тексеру жөніндегі комиссиясының жұмысына қатысады. Тиісті аумақта қала құрылысы және сәулет-құрылыс тәртібінің сақталуын, құрылыс сапасын қадағалауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру және жергілікті маңызы бар сәулет-құрылыс бақылау жүйесін қадағалайды. Заңға сәйкес өз саласы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын ұйымдастырады, тиісті барлық құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технология (көлік құрылысы, электроэнергетика, жылу энергетикасы,  стандарттау, сертификаттау жəне метрология (сала бойынша), көлік, көліктік техника және технологиялар, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын жəне құрастырылымдарын өндіру, маркшейдер ісі, технологиялық машиналар және жабдықтар, өнер (сәулет, мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару), қызмет көрсету (жерге орналастырушы, кадарстр, бағалау).

Республикалық комиссиямен бекітілген басым мамандықтары бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындары немесе «Назарбаев Қоры» және «Назарбаев Интелектуалды мектептері», «Назарбаев Университетінің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес автономды білім мекемелерінде осы лауазымның функционалдық міндеттеріне тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

          Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

           1) Өтініш;

 2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

            Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

                 Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті орган жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінде көрсетілген мекен жайға тапсырылуы тиіс.

                   Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Түлкібас ауданы әкімінің аппаратында яғни, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201 үйде өтеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

                        Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

                  

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты:                          https:/gov.egov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені _____________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

 

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________

_____________________________________________________

____________________________________________________

Мекен жайы: ________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________

e-mail: _______________________________________________

ЖСН: _______________________________________________

 

  _________                                       ___________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

3-қосымшасы

Нысан

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ

ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК

 КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

 



_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

_______________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /

Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /

Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /

Год окончания и наименование учебного заведения



5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками



7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /

должность*, место работы, местонахождение организации

 

қабылданған /

приема

босатылған /

увольнения







 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы /

Подпись кандидата

_______________
күні / дата

         

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады