ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
«Ашық әкімдік» кеңсесінде бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өзі жетекшілік ететін салалар бойынша азаматтарды қабылдап, жеке мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауға аудан, қаладан жиналған тұрғындар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, түркістандық тұрғын кәсіпкерлік саласына қатысты қағаз қалдықтарын қайта өңдеудің тиімді тәсілін жетілдіру туралы ұсынысын айтты. Кезекті тұрғын қайта өңдеу кәсібіне инвестор тарту және қолдау көрсетуін сұрады. Айта кетейік, аталған азамат осыған дейін «Ауыл аманаты» жобасы аясында 8 млн.теңге несиемен қамтылып, өткен жылы 1,4 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған.
Сонымен қатар, карьер, жер заңдастыру мәселелері көтерілді.
Әкім орынбасары аталған талап-тілектер назарға алынып, бұл бағыттағы жұмыстар өз шешімін табатынын айтты.
Айта кетейік, облыс әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауына жазылуды Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі