ТҮЛКІБАС АУДАНЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАРИЯ ТАЛҚЫЛАУ ӨТТІ

Түлкібас ауданы әкімінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі №113 өкіміне сәйкес, 2026 жылдың 14 мамыр мен 26 маусым аралығында Түлкібас ауданы әкімі аппараты, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері, сондай-ақ кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» №4 үлгілік базалық бағыты жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулық негізінде жүзеге асырылуда.
Аталған іс-шара аясында 2026 жылғы 3 шілде күні сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жиналысы өтті. Жиналысқа аудан әкімі аппаратының басшысы Байтуғанов Фархат Тастайбекұлы төрағалық етіп, аудан әкімі аппаратының мемлекетік-құқықтық  бөлімшесінің бас инспекторы Байназарова Гүлбану Тұрғанбекова баяндама жасады.
Талқылау барысында сыбайлас жемқорлыққа ықпал етуі мүмкін факторлар қарастырылып, ішкі рәсімдердегі тәуекелдер анықталды. Талдау қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, оларды іске асыру мақсатында жауапты бөлімдер мен лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, бақылау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ тұрғындармен кері байланысты нығайту мәселелері де күн тәртібінде көтерілді.
Жиын барысында ауданның әрбір құрылымдық бөліміне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жеке жұмыс жоспарларын әзірлеп, тиімді орындау қажеттілігі ескертілді. Ішкі талдау нәтижелерінің орындалуы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болмақ. Бұл шара Түлкібас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және ашықтық қағидатын ілгерілету жолында маңызды қадам болып саналады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгідік қағидалары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, алдағы уақытта болдырмау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін қатаң жауапкершілік көзделгені жөнінде ескертілді.

Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі