
Биыл өңірде 74 газдандыру нысанының құрылысына 13,7 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 33 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде тағы 34 елді мекендегі 35 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қосылып, облыстағы газдандыру деңгейі 90 пайызға жетеді. Осылайша 640 елді мекендегі шамамен 2 миллион тұрғын табиғи газдың игілігін көреді. Сонымен қатар қосымша 28 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленген. Жалпы құны 23,6 млрд теңгені құрайтын бұл жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлуге өтінім жолданды. Қолдау тапқан жағдайда тағы 28 елді мекендегі 65 мың тұрғын табиғи газға қосылып, облыстың газдандыру деңгейін 92 пайызға жеткізуге мүмкіндік туады.