
Ресей Федерациясының Татарстан Республикасының Қазан қаласында 24-27 маусым аралығында ересектер арасында аударыспақтан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 12 елінен келген үздік балуандар қатысып, ұлттық спорттың көркін қыздырды.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Түркістан облысының спортшысы Ермек Құралбай қарсыластарының бәрінен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Осылайша ол өз мансабында екінші мәрте әлем чемпионы деген мәртебеге ие болды.