
Аппарат басшылығы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыру, азаматтармен тиімді кері байланыс орнату және қызметтік әдепті бұзуға жол бермеу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.
Мемлекеттік қызметшілер үшін әдептілік ең алдымен адалдық, бейтараптық, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным арқылы көрінеді. Қызмет бабын жеке мақсатта пайдаланбау, заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – кәсіби әдептің негізгі талаптары.