ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР – БАҚЫЛАУДА

ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР – БАҚЫЛАУДА
Аудан әкімі Асқар Естібаев тұрғындарды жеке қабылдау барысында көтерілген мәселелерін шешу мақсатында жауапты мамандармен бірге арнайы барып зерделеді. Бұл – халықпен кері байланысты нығайтып, әрбір өтінішке бейжай қарамайтын жүйелі жұмыстың бір көрінісі.
🔎 Қабылдау барысында көтерілген мәселелердің қатарында⤵️⤵️⤵️
🔹 Сейдалиев көшесіндегі екі қабатты, 8 пәтерлі тұрғын үйге жаңа кәріз жүйесін тарту қажеттігі айтылды. Аталған мәселе тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасына тікелей әсер ететіндіктен, оны шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
🔹 Грецинина көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жер телімінің шекарасын анықтау мәселесі көтеріліп, оны заң талаптарына сәйкес реттеу бойынша тиісті жұмыстар белгіленді.
🔹 Алмакент мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерде анықталған кемшіліктер де назардан тыс қалмай, оларды кезең-кезеңімен жою жолдары нақтыланды.
🛠 Әрбір мәселе бойынша аудан әкімі жауапты мекеме басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалу мерзімдерін бекітті. Бұл тапсырмалардың дер кезінде әрі сапалы орындалуы қатаң бақылауда болады.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі