
Тараптар Түркістан облысы аумағында жаңа жобаларды жандандыру, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы мүмкіндіктерді қарастырды. Сонымен қатар Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, логистикалық әлеуетін арттыру, жолаушылар ағынын көбейту және халықаралық әуе бағыттарын кеңейту бойынша әріптестік орнату мәселелерін талқылады.