ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНЕ АТ САЛЫСУДА

ТҮЛКІБАСТА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ БЕЛСЕНЕ АТ САЛЫСУДА
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында елімізде бастау алған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы Түлкібас ауданында қарқынды жалғасын табуда.
Наурызнама онкүндігінің Тазару күні бастау алған науқан аясында аудан аумағындағы 40-тан астам бұлақ көздері ашылып, оған 3 мыңнан астам ауыл ардагерлері мен тұрғындары, жастар мен белсенділер және мекеме қызметкерлері ат салысты.
Дәл сондай тазалық ісшарасы бүгін Машат ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылындағы «Бөбеш» пен аудан орталығындағы «Майлыкент» бастауларында жалғасын тапты.
Бұл жерде ардагерлер бастаған ауыл тұрғындары бұлақ басына жиналып, тазалық акциясына белсене қатысып, бастау айналасына тал отырғызып, ұлттық салт-дәстүрді насихаттады.
Аудан әкімі Асқар Естібаев маңызды істі жандандыруға ұйытқы болған ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты әжелерімізге және ауыл азаматтарына алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.
Ауыл ақсақалдары бата беріп, еліміздің амандығын тіледі.
Бұлақ көзін тазалау шарасынан соң, бүкіл ауыл ұлттық тағамдардан жайылған дастарханнан ауыз тиіп, ауыл клубының ұйымдастырған концерттік бағдарламасын тамашалады.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 7 өзен бастау алып, елді мекендер маңындағы 53 бұлақ халық игілігіне қызмет етіп келеді.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызмет