АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ТҮЛКІБАСТА ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН 32 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ТҮЛКІБАСТА ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН 32 ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Аймақтың дамуының басты көрсеткішінің бірі - кәсіпкерлік саласының дамуы. Бұл өз кезегінде ауданда жаңа жұмыс орындарының ашылуына зор септігін тигізіп ғана қоймай, салық түсімдері арқылы бюджеттің кіріс көзін ұлғайтып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға нақты қадам.
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.
Маңызды жиынға аудан прокуроры Ержан Қожабеков, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС Түркістан облысы бойынша басшысының орынбасары, аудан аумағындағы мекеме басшылары мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы және қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.
Бүгінде аудан аумағында өткен жылдан өтпелі болып, жалпы құны 74,9 млрд.теңгені құрайтын 32 жоба бастау алған болатын. Жобалардың ішінде, туризм, өндіріс, қызмет көрсету, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы сынды бағыттар қамтылған.
Соның, бүгінгі басқосуда 10 жобасының іске асу барысы қаралды.
Жиында аталған жобаларды еш кедергісіз жүзеге асыру барысы екжей-текжейлі талқыланды. Атап айтсақ, әр кәсіпкер қазіргі таңда жобасының қай сатыда екенін баяндап, құрылыс барысында қол байлау болып және құжаттарын заңдастыруда кедергі болып тұрған тұстарын жеткізді.
Кәсіпкер тарапынан әр айтылған мәселе сол жерде жауапты мекеме назарына алынып, мәселені оңтайлы шешу жақтары талқыланды.
Басым бөлігі, жаңадан бой көтеріп жатқан нысандарға инфрақұрылым тарту, оның ішінде газ жеткізу және құзырлы органдардан қорытынды рұқсат қағаздар алу сынды мәселер көтеріліп, Заң аясында қолдау табатын болды.
Маңызды басқосуға арнайы қатысқан аудан Прокуроры Ержан Базарбекұлы, инвестиция тарту бағытындағы атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға ризашылығын білдіріп, кәсіпкерлерге жобаларын сәтті жүзеге асуына қолдау білдіретіндігін жеткізіп, қандай да бір Заң аясында тосқоуылдар шыққан жағдайда көмек беруге дайын екендігін жеткізді.
Басқосуды қорытындылаған Асқар Сұлтанұлы, аудан Прокуроры мен барлық мекеме басшысына арнайы келіп, маңызды жиынға қатысып, ауданымызды дамыту жолындағы бастамаларға қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдіріп, кәсіпкерлердің істеріне береке тіледі.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі