
Осы ретте, табиғатымыздың тамаша сиын ескере келе Түлкібас ауданына қарасты Керейт елді мекенінде бұлақ суынан табиғи құнары жоғары минералды сусындар шығаратын «Мөлдір бастау» ЖШС өз ісін бастағалы отыр.
Бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев аталмыш нысанға жауапты мамандармен арнайы барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Жылына шамамен 250 мың тонна минералды табиғи сусынды өндіруге бағытталған жобаның құны 600 млн.теңгені құрамақ.
Бұл жерде, толық автоматтандырылған шетел құрылғылары орнатылып, онда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Асқар Сұлтанұлы құрылыс қарқынды жүріп жатқан кәсіпорнды толық аралап, кәсіп иесінің бастамасына береке мен сәттілік тіліп, қолдау қажет болған жағдайда көмек беруге дайын екенің жеткізді.

Тарқатып айтсақ, Састөбе кентіндегі 1 мамыр көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйдін кәріз құбырындағы анықталған кемшілікті реттеуге жауапты мекеме басшысына бір апта мерзім беріп, Жаңақоғам (Мыңбай) ауылындағы жолды жөндеу мәселесін пысықтап, Еңбек ауылындағы балалар ойын алаңшасы түсетін жерді зерделеді.
Сонымен қатар, Еңбек ауылындағы жаңадан соғылған 75 орындық «Нұртілек» балабақшасының ғимаратымен танысып, Сайрам ауданымен шекарада бой көтеріп жатқан өндірістік парктың құрылыс барысын бақылады.