БАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОЛДАР УАҚЫТЫЛЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП, КӨКТАЙҒАҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ

БАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ ЖОЛДАР УАҚЫТЫЛЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП, КӨКТАЙҒАҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ
Таулы аймақта орналасқан ауданымызда қыс мезгілі басқа өнірлерден қарағанда қаһарлы келеді.
Өз кезегінде қар қалын жауып, боранды күндер көп болады. Тиісінше, бұл табиғаттың құбылысы күре жолдың бойында орын тепкен ауданымыздағы жолдарды күтіп-ұстауға, атап айтсақ, қардан уақытылы тазаланып, көктайғақтың алдын алу мақсатында инертті материалдардың себілуіне басқа өнірлерден қарағанда екі есе қажет етеді.
«Жол азабын жолаушы тартады»-демекші, осы ретте бүгін аудан әкімі Асқар Естібаев аудан аумағындағы республикалық, облыстық және ауданішілік жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мекемелерде болып, олардың техникаларының жағдайын, инертті материалдарының қорын бақылады.
Жалпы аудан аумағында көліктер ең тығыз қозғалысы бар халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» 92 шақырымы өткен. Аталмыш жолды күтіп-ұстауға жауапты «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалы.
Аудан басшысы аталған мекеменің базаларында болып, жауаптыларға қар жауған жағдайда бекітілген алгоритмге сәйкес іс-әрекетті уақыты жасауын сұрап, жолаушылардың қауіпсіздігін бірінші кезекте болуын ескертті.
Сондай-ақ, облыстық маңызы бар жолдар мен ауыл ішілік көшелерді дер кезінде қардан тазалау, қажеттілігіне қарай құм-тұз себу жұмыстарын жауапты мекеме мен ауыл әкімдері үнемі бақылауда ұстап отыру ескертілуде.
Сонымен қатар, бүгінгі іссапар барысында Асқар Сұлтанұлы жауапты мекеме басшыларымен Келтемашат ауылдық округіне қарасты Кершетас ауылында болып, ол жерде жауапты мамандардың анықтаған облыстық КХ-113 жолындағы Масат өзенінің үстінен өтетін талапқа сай келмейтін көпірдің жағдайын тексерді.
Бұл жерде, аудан әкімі облыстық жауапты мекемеге тез арада көпірді жөндеуді талап ету бойынша нақты тапсырмалар беріп, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жол белгілері жоқ жерлерге және ескіргендерін ауыстыруды ескертті.
Айта кетерлік, аудан әкімінің тапсырмасымен аудан аумағындағы барлық бағыттағы жол бойындағы 29 көпірге зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындаға 4 көпірге, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 20 көпірге, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарыдағы 5 көпір тексерілді.
Нәтижесінде, облыстық маңызы бар кх-113 "Кершетас - Машат демалыс аймағы" автомобиль жолының 0+600 шақырамындағы орналасқан көпірге күрделі жөндеу қажеттілігі аңықталып, салалық басқармаға тиісті хат жолданды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі