Әкем қайтыс болғаннан кейін, мен, қызы және жалғыз мұрагері ретінде оның зейнетақы жинақтарына үміткер боламын. БЖЗҚ-ға оның шотындағы сома туралы сұрау салуым керек пе немесе бірден нотариусқа жүгіне аламын ба?

Әкем қайтыс болғаннан кейін, мен, қызы және жалғыз мұрагері ретінде оның зейнетақы жинақтарына үміткер боламын. БЖЗҚ-ға оның шотындағы сома туралы сұрау салуым керек пе немесе бірден нотариусқа жүгіне аламын ба?

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдік консулдық мекемелерге, олардың өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама береді.

        Осы мәселелер бойынша БЖЗҚ мен нотариустар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру үшін ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «ҰАТ» АҚ мен БЖЗҚ арасында "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы шарт жасалды.

       Аталмыш Шарт аясында нотариустар БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесінің көмегімен онлайн тәртібінде, яғни БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан, өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы сауалдар жолдай алады.

       БЖЗҚ өз кезегінде салымшылар мен алушылар нотариалды куәландырылған немесе расталған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын ала алады.

       Бұл қызмет сіздің уақытыңызды айтарлықтай үнемдейді және артық қағаз құжат айналымын жояды.