
Түркістан облысында су тасқынының алдын алу мақсатында дайындық шаралары жүргізілуде. Бәйдібек және Мақтаарал аудандарында қорғаныш бөгендерін нығайту, көпірге күрделі жөндеу жүргізу және суару жүйелерінің жарамсыз учаскелерін ауыстыру жұмыстары атқарылуда. 2025–2026 жылдарға арналған су тасқынының алдын алу жөніндегі инженерлік жоспар аясында Шаян өзеніндегі жағалау қорғаныш бөгендерін нығайту жұмыстары аяқталу сатысында. Облыстық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірге күрделі жөндеу жүргізілуде, елді мекендерде суару жүйелерінің істен шыққан учаскелерін жөндеу және ауыстыру жұмыстары орындалуда.