Түркістан өнерпаздары Сиань қаласында өткен Жібек жолы фестивалінде өнер көрсетті

Түркістан өнерпаздары Сиань қаласында өткен Жібек жолы фестивалінде өнер көрсетті
▪️Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен Жібек жолы өнерінің 11-ші халықаралық фестиваліне Түркістан облысының шығармашылық ұжымы қатысып, ұлттық өнерімізді паш етті.
▪️Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығының және «Turkistan Invest» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырылды.
▪️Фестиваль аясында түркістандық өнерпаздар қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, көрермендерге рухани мереке сыйлады. Шығармашылық ұжымның өнері көпшіліктің зор ықыласына бөленіп, халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға елеулі үлес қосты.
▪️Бұл мәдени шара Түркістан облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы бауырластық қарым-қатынасты тереңдете түсті. Сонымен қатар мәдени және гуманитарлық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, Қазақстан мен Қытай халықтарының арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайтты.