
Мәжілісте жыл соңына дейін құрылысы аяқталатын нысандар туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Роза Олжабаева баяндады. Оның мәлімдеуінше, коммуналдық нысандардың құрылыс барысы қатаң бақылауға алынып, тұрақты штаб отырыстарында қаралуда. 2025 жылы өңір тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 66 нысанның құрылысы басталды. Соның ішінде, биыл 38 нысанды аяқтау жоспарланса, қалған 28 нысан келесі жылы тапсырылмақ. Осы жобалардың ішінде индикаторға 30,8 мың халқы бар 30 елді мекен енгізілген. Қалған 8 елді мекенде (халық саны – 0,6 мың) кешенді-блок модульдерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 30 елді мекеннің 15 елді мекенінде (Сарыағаш-5, Келес-4, Қазығұрт-1, Ордабасы-3, Отырар-1, Бәйдібек-1) нысанның құрылысы аяқталған. Ал, қалған 15 елді мекенде құрылыс жұмыстары жалғасуда.