2020 жылдың 6 қазанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №365-VI Заңы қабылданып, 7 қазанда ресми жарияланды.
Аталған Заңмен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14-бабына өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар, лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды. Жақын туыстар деп ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылар, асырып алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп – жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары мен балалары түсініледі.
Аталған өзгерістер 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның талаптарын бұзатын адамдар, егер олар көрсетілген бұзушылық байқалған кезден бастап үш ай ішінде оны ерікті түрде жоймаса, осындай бағыныстылықты болғызбайтын лауазымға ауысуға тиіс, ал осындай ауысу мүмкін болмаған кезде осы қызметшілердің біреуі лауазымынан шығарылуға немесе көрсетілген функциялардан өзгедей босатылуға тиіс.
Сондықтан, тікелей бағынысында жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары бар ауылдық округ, кент әкімдері, Бөлім, мемлекеттік мекеме басшылары, мектеп директорлары, бала бақша меңгерушілері жоғарыда аталған Заңның талаптарын орындауға міндетті екенін хабарлаймыз.
Түлкібас ауданы әкімінің аппараты