ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЕСКЕК ЕСУ» АРНАСЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЕСКЕК ЕСУ» АРНАСЫ АШЫЛДЫ
ТҮРКІСТАНДА ОРТА АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ «ЕСКЕК ЕСУ» АРНАСЫ АШЫЛДЫ
✔️Түркістан қаласында Орта Азияда теңдесі жоқ спорт кешендері бар «Ескек есу» арнасы ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «спорт инфрақұрылымын дамыту мен жаңа кешендерді салу» жөнінде нақты тапсырмалар берді. Осы бағытта облыста 112 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Бұл тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, жастардың болашағына салынған инвестиция, тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға жасалған нақты қадам.
✔️Бірегей спорт нысанының ашылу салтанатына орай «Turkistan Water Fest & Sky Lights» атты ауқымды мәдени-спорттық іс-шара өтті. Салтанатты шараға арнайы келген ҚР Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов, Есу спорты түрлері бойынша «Қайық» федерациясы АҚБ президенті А.Мерғалиев, Байдарка мен каноэ есу халықаралық федерациясының президенті Т.Кониецко сөз алып, өңір тұрғындарына ізгі тілегін жеткізді.
⤵️Сонымен қатар маңызды шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
📌– Бүгін біз үшін тарихи және қуанышты күн. Елімізде алғаш рет халықаралық стандартқа сай келетін «Ескек есу» каналын ашқалы тұрмыз. Түркістанымыз түркі әлемін таңғалдыратын тағы да бір заманауи нысанмен толыққалы тұр. Бұл Мемлекет басшысының тікелей тапсырамасына сәйкес, тарихи Түркістанды дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан нақты жұмыстардың жемісі. Биыл Президентіміз «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» арнайы Заңға қол қойды. Қабылданған Заңда Түркістан қаласының рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі ерекше мәртебесі бекітілді. Қасиетті Түркістанды рухани ғана емес, білім мен ғылымның, мәдениет пен спорттың орталығына айналдыру – мемлекетіміздің басты мақсатының бірі. Бүгінгі салтанат іс-шара – сол мақсаттың айқын дәлелі.«Ескек есу» каналының ерекшелігінің бірі – қаланың экожүйесіне де тікелей әсерін тигізеді. Кешенде Азиялық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға болады. Шет елдік спортшыларға жыл он екі ай оқу-жаттығу жиындарын өткізуге толық мүмкіндік бар. Бұл спорт кешені — Түркістанның ғана емес, тұтас қазақ елінің абыройын көтереді. «Ескек есу» каналыны өңір спортының дамуына серпін беріп қана қоймай, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға да зор үлес қосады. Мемлекет басшысы «Еліміздің келешегі - ойы ұшқыр, білімі терең, көзқарасы заманауи жастардың қолында» деген болатын. Ендеше, жастарымыз мықты болса – еліміз де қуатты болады. Сондықтан жастарды салауатты өмір салтын ұстауға, тұрақты түрде спортпен айналысуға шақырамын. Баршаңызды Түркістан қаласындағы заманауи нысанның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл спорт орталығынан болашақ Олимпиада чемпиондары шыға берсін! – деді Нұралхан Оралбайұлы.
✔️Бүгін халықаралық байдарка және каноэ есу федерациясының президенті Томас Кониецко мен Қазақстан Республикасы «Қайық» федерациясының президенті Асланбек Мергалиев арасында екіжақты меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы алғашқы өңірлік хаб құрылмақ.
✔️«Ескек есу» каналында 500-ге жуық спортшы байдарка мен каноэда есу, академиялық есу, триатлон, параканоэ, ашық суда жүзу сияқты спорт түрлерімен тұрақты түрде жаттыға алады. Облыстың ескек есушілері ел абыройын көтеруде. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктарында 1 800-ден астам медаль иеленсе (406 алтын, 730 күміс, 676 қола), Әлем және Азия чемпионаттарында 184 медаль қанжылады (58 алтын, 84 күміс, 42 қола). Олимпиада ойындарына 9 лицензия алынды.
✔️Бұл күні Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасы ұсынылды. Мерекелік кешті Динара Сәтжан, Еркебұлан Мырзабек, Марат Оралғазин жүргізді. Кештің ажарын Мұқасан Шахзадаев, Мархаба Сәби, Калифарния, Ақсұңқар, DJ Macarello, Түркістан музыкалық театры бишілері, «Таңба» этно тобы және «Самғау» би ансамблі ашып, өнерлерін паш етті.
✔️Сонымен қатар облыс орталығында мерекелік атмосфера орнап, мың бұралған бишілер, аниматорлар мен цирк өнерпаздары кешенді аралап, келушілердің көңілін көтерді. «Taiqazan» ұлттық тағамдардың гастрономиялық жәрмеңкесі, қолөнершілер көрмесі, әуе шарлары шоуы, креативті фотозоналар, 10-ға жуық мастер-класс, ойын-сауық аймақтары ұйымдастырылып, су үстіндегі спорттық ойындар мен қойылымдар, флайборд шоуы, лазерлі және фонтан шоулары, мерекелік отшашу көпшілікті тәнті етті.
✔️Осы күні облыс басшысы «Ескек есу» арнасының жаттығу залын аралап, қолөнершілер көрмесі мен «Taiqazan» гастрофестивалін тамашалады.
✔️Айта кетейік, биыл 102 спорт нысаны пайдалануға тапсырылды. Келесі жылы 10 спорт ғимаратын тапсыру жоспарлануда. Облыстағы ерекше қажеттілігі бар азаматтарды салауаттылыққа тарту мақсатында бейімделген 22 спорт секциясы ашылды. Түркістанда заманауи «Түркістан арена» стадионы, халықаралық теннис орталығы және Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені қызмет етуде. Бұдан бөлек, қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында «Мұз сарайы» ашылды. Облыс тарихында алғаш рет шайбалы хоккей, мәнерлеп сырғанау және шорт-трек үйірмелерімен 400-ден астам жасөспірім айналысуда. Сонымен қатар Түркістан қаласында атшабар кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл нысан ат спорты түрлерін дамытуға, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға зор мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_________
ГРЕБНОЙ КАНАЛ, НЕ ИМЕЮЩИЙ АНАЛОГОВ В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ, ОТКРЫЛСЯ В ТУРКЕСТАНЕ
✔️В Туркестане открылся гребной канал - уникальный спортивный комплекс, не имеющий аналогов в Центральной Азии. В своем Послании Президент Касым-Жомарт Токаев поставил конкретные задачи по развитию спортивной инфраструктуры и строительству новых комплексов. В этом направлении в области ведется строительство 112 спортивных объектов. Это не просто развитие инфраструктуры, а инвестиция в будущее молодежи, реальный шаг к формированию здорового образа жизни среди населения.
✔️В честь открытия уникального спортивного объекта состоялось масштабное культурно-спортивное мероприятие Turkistan Water Fest&Sky Lights. Министр туризма и спорта страны Е. Мырзабосынов, президент ОЮЛ «Федерация каноэ» А. Мергалиев, президент Международной федерации гребли на байдарках и каноэ Т. Кониецко выступили с речью и выразили свои наилучшие пожелания жителям региона.
✔️На мероприятии также присутствовал аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, который поздравил всех с открытием нового объекта.
📌«Сегодня для нас исторический и радостный день. Впервые в нашей стране открывается гребной канал, соответствующий международным стандартам. Туркестан пополнился еще одним современным объектом, который впечатлит тюркский мир. Это результат конкретной работы, проводимой по прямому поручению Главы государства, направленной на развитие исторического Туркестана. В этом году Президент подписал специальный закон «Об особом статусе города Туркестана». Принятый закон закрепил особый статус города как духовного, историко-культурного, туристического центра и архитектурного наследия. Превращение священного Туркестана не только в духовный, но и в центр образования и науки, культуры и спорта, - одна из главных целей нашего государства. Сегодняшнее торжественное мероприятие - яркое доказательство этому. Одной из особенностей гребного канала является его прямое влияние на экосистему города. В комплексе можно проводить соревнования азиатского и мирового уровня. Для иностранных спортсменов есть все возможности проводить учебно-тренировочные сборы круглый год. Этот спортивный комплекс поднимет престиж не только Туркестана, но и всей страны, ее народа. Канал не только даст импульс развитию спорта в регионе, но и внесет большой вклад в повышение туристического потенциала Туркестана. Глава государства сказал: «Будущее нашей страны в руках молодежи с острым умом, глубокими знаниями и современным мировоззрением». А если наша молодежь будет сильной, то сильной будет и страна. Поэтому я призываю молодежь вести здоровый образ жизни и регулярно заниматься спортом. От всей души поздравляю всех с открытием современного объекта в городе Туркестане! Пусть отсюда выйдут олимпийские чемпионы!» - сказал Нуралхан Кушеров.
✔️В этот же день был подписан двусторонний меморандум между президентом Международной федерации гребли на байдарках и каноэ Томасом Кониецко и президентом Федерации «Каноэ» Республики Казахстан Асланбеком Мергалиевым. В результате будет создан первый региональный хаб среди стран Центральной Азии.
✔️На канале около 500 спортсменов смогут регулярно заниматься такими видами спорта, как гребля на байдарках и каноэ, академическая гребля, триатлон, параканоэ, плавание на открытой воде.
✔️Гребцы области поднимают престиж страны. К настоящему времени ими завоевано более 1800 медалей на чемпионатах и кубках Республики Казахстан (406 золотых, 730 серебряных, 676 бронзовых), 184 медали на чемпионатах мира и Азии (58 золотых, 84 серебряных, 42 бронзовых). Получено 9 лицензий на Олимпийские игры.
✔️В этот день была представлена концертная программа областной филармонии имени Ш. Калдаякова. Праздничный вечер вели Динара Сатжан, Еркебулан Мырзабек, Марат Оралгазин. Вечер украсили Мукасан Шахзадаев, Мархаба Саби, Калифарния, Аксункар, DJ Macarello, танцоры Туркестанского музыкального театра, этно-группа «Танба» и танцевальный ансамбль «Самгау».
✔️Кроме того, в областном центре царила праздничная атмосфера, танцоры, аниматоры и цирковые артисты гуляли по комплексу, развлекая посетителей. Были организованы гастрономическая ярмарка национальных блюд Taiqazan, выставка ремесленников, шоу воздушных шаров, креативные фотозоны, около 10 мастер-классов, игровые зоны, а также водные спортивные игры и представления, флайборд-шоу, лазерное и фонтанное шоу, праздничный салют.
✔️В этот же день глава области посетил тренировочный зал канала, выставку ремесленников и гастрофестиваль Taiqazan.
✔️Отметим, в этом году в регионе сданы в эксплуатацию 102 спортивных объекта. В следующем году планируется сдача еще 10 спортивных комплексов. В целях привлечения к здоровому образу жизни граждан с особыми потребностями в области открыты 22 адаптированные спортивные секции. В Туркестане действуют современный стадион «Туркестан-Арена», международный теннисный центр и спортивный комплекс имени Бекзата Саттарханова. Кроме того, для развития зимних видов спорта открыт Ледовый дворец. Впервые в истории области более 400 подростков занимается хоккеем с шайбой, фигурным катанием и шорт-треком. Также в Туркестане ведется строительство ипподрома. Этот объект предоставит уникальную возможность для развития конного спорта и возрождения национальных традиций.
Пресс-служба акима Туркестанской области