ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА ТӘУЛІГІНЕ 2,5 ТОННА СҮТ БЕРЕТІН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА БАПТАУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА ТӘУЛІГІНЕ 2,5 ТОННА СҮТ БЕРЕТІН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА БАПТАУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ
 
☑️Түлкібас ауданына қарасты «Дар Арганик» шаруа қожалығы сүт өндіру бағытында Финляндия елінен «Айршери» тұқымды 91 ірі қараны әкеліп, бүгінде жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.
☑️Ірі қараның әр басын 3500 евроға алдырған ол, қазіргі таңда 91 бастан тәулігіне орта есеппен 2,5 тонна майлылығы 4 пайыздан асатын сүт өндіріп, оны аудандағы «Майлыкент сүт» зауытына және көршілес Сайрам ауданына жоғары бағада өткізіп келеді.
☑️Мұнда бір бас тәулігіне орта есеппен 25-33 литрге дейін сүт береді екен. Бүгін аталған кәсіпорынға аудан әкімі Асқар Естібаев арнайы барып, шаруа қожалықтың жұмысымен танысты. Кәсіпкер алдағы уақытта мал басын көбейту мақсатында мемлекеттен жеңілдетілген пайызбен несие алуға қолдау білдіруін сұрады.
Аудан әкімі кәсіпкерге қолдау болатынын жеткізіп, жауаптыларға бұл бағыттағы жұмысты сүйемелдеу бойынша нақты тапсырмалар берді.
☑️Кәсіпкер биыл ірі қара санын 391-ге жеткізуді, ал мемлекеттен қолдау болған жағдайда алдағы жылдары 1500-ге басқа дейін көбейтпек.
☑️Айта өтсек, бұл шаруа қожалық ірі қараның дәл осы тұқымының еліміздегі патенттінің иесі. Нысанда ірі қарадан бөлек 82 бұзау бар.
☑️Мұнда сүт өндіру жұмыстары толық автоматтандырылған. Нысанда жалпы 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бүгінде аудан көлемінде мал шаруашылығымен айналысатын 193 шаруа қожалық бар. Оның ішінде 5 қожалық сүт өндірісіне бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі