
Облыстық көліктік бақылау инспекциясының басшысы Ербол Ахметов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, инспекция мамандары облыс аумағында автокөлік құралдарына және шаруашылық субъектілеріне күндіз-түні кезекшілік атқарып, шаруашылық субьектілерге жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізуде. Жылжымалы бақылау бекеттеріндегі бақылау жұмыстары тұрақты атқарылып жатыр. Автомобиль көлік құралдарының Түркістан облысы аумағы арқылы жүріп өткені үшін 6 айлық алым жоспары 351,0 млн теңге болса, есепті кезеңге 419,9 млн теңге өндіріліп, жоспар 120%-ға орындалды. Облыс аумағы арқылы өтетін көлік құралдарына бақылау жүргізіліп, 5 053 көлік құралы тексерілді. Оның ішінде, 1890-ы шетелдік тасымалдаушылар болса, 3 163 – отандық тасымалдаушылар. Нәтижесінде, жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінде 1 116 әкімшілік хаттама рәсімделді. Жалпы 31,7 млн теңге айыппұл салынып, оның 30,6 млн теңгесі өндірілді.