ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ
 
☑️Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
☑️Жиын барысында Президент белгілеген негізгі 68 бағыт сараланып, әр салаға жүктелген міндеттерді тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және өтініштермен жұмыс істеу процестерін дамыту сынды тағы басқа негізгі салалар қамтылды.
☑️Ертай Кенжебекұлы жауапты басқарма басшыларына тапсырмаларды нақты мерзімде орындап, сапалы әрі жүйелі орындауды, сондай-ақ жұмыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Жиынды қорытындылай келе, Президент тапсырмаларын жүзеге асыру жұмысын күшейтуі тиіс екенін атап өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі