
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуныша, осы салада 6 айда жалпы өнім көлемі 253,9 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,7 %-ды құрады. Негізгі капиталға инвестиция тарту 44,2 % орындалып, 103,8 млрд. теңгеге инвестиция тартылды. 6 айда 82,3 млрд. теңге инвестиция тарту жоспары 1,3 есе артық орындалды. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 гектарға орналастырылып, жоспар 1,4 есе артық орындалды. Егіс алқаптарына ғылыми негізде 189,8 мың тонна тыңайтқыштар енгізу жоспары 109 % орындалды немесе 206,2 мың тонна тыңайтқыштар сатып алынды. Машина трактор паркін 6,5 % жаңалауды қамтамасыз ету бойынша 877 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Жалпы 2025 жылға 1649 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланған.