НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН ЗАУЫТ АШУ МӘСЕЛЕСІН ПЫСЫҚТАДЫ

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҮРКИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН ЗАУЫТ АШУ МӘСЕЛЕСІН ПЫСЫҚТАДЫ
 
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров түркиялық инвестормен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында Түркістан өңірінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту жолдары талқыланды.
📌– Өздеріңізбен келіссөздер жалғасып келеді. Ендігі кезекте нақты іске кірісіп, жобаны жүзеге асыратын сәт келді. Инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.
✔️Түркиялық инвестор Түркістандағы өндіріс алаңдарымен танысқанын, жобаны жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. Қазіргі таңда ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр. Зауыттың құрылысын биыл бастауға ниетті.
✔️Айта кетейік, түркиялық кәсіпорын 100-ден астам препарат өндіретін халықаралық деңгейдегі компаниялардың бірі. Өнімдері 50-ден астам елге экспортталады. Зауыт «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салынады деп жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі