
«Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустриялар және атом өнеркәсібі саласының өкілдері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.
Биылғы жылы 10 номинация бойынша үздіктер анықталады. Атап айтқанда, ішкі істер және қарулы күштер саласында - «Janqıarlyq», медицина саласында - «Altyn jürek», өнеркәсіп саласы бойынша - «Önerkäsıp», әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер үшін - «Bolaşaq turaly qamqorlyq», білім саласының қызметкерлеріне - «Bılım jäne Ğylym», төтенше жағдай қызметкерлері үшін - «Qaisar», жұмысшы мамандықтар үшін - «Altyn qol», энергетика саласының мамандарына - «Zharyq», агроөнеркәсіп саласындағы азаматтар үшін - «Örken», ақпараттық коммуникациялық технология саласындағы мамандар үшін - «Örleu» номинациялары өз иелеріне табысталатын болады»-деп баяндады сала маманы.

«Сыйлыққа үміткер болу үшін еліміздің 35 жасқа толмаған (35 жас қоспай алғанда) азаматтары қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінімді 2025 жылдың 20 шілдесіне дейін
https://www.jas-kenes.kz/application сілтемесі арқылы беруге болады. Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Оның қорытындысы бойынша әр номинацияда 2 жеңімпаздан, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге, әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі. Сыйлық пен кеңестің қызметі туралы толық ақпаратты
https://www.jas-kenes.kz/ сайтынан біле аласыздар»-деді спикер.