
Қазіргі таңда ІТ университетінде талапкерлерді қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде «Woosong » университетінде білім алуға еліміздің өңірлерінен және шет мемлекеттерден 414 түлек өтініш білдірген. Нақтырақ айтқанда, Астана қаласынан – 45, Алматыдан – 27, Атыраудан – 9, Ақтөбеден – 7, Қарағандыдан – 7, Шымкент қаласынан — 88 және Түркістан облысынан 186 жас осы университетте білім алуға ниетті. Қалған талапкерлер Тараз, Ақтау, Қызылорда, Петропавл, Семей, Өскемен, Орал және Талдықорған қалаларынан болса, Қарақалпақстан Республикасынан 1 талапкер, Ираннан 1 талапкер құжат тапсырған.