
Жуырда Түркістан облысында өңірлік нышанын әзірлеу мақсатында конурс жарияланғаны белгілі. Осыған сәйкес сәулетші, дизайнер, суретші, өлкетанушы, тарихшылардан құралған жұмысшы топ құрылды. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда жұмысшы топ өкілдері байқауға қатысқан үміткерлердің жобасын саралап, өз ұсыныстарын ортаға салды.