200 және 500 метр қашықтықтағы KL2 және VL3 санаттарында екі алтын және бір қола медальді Бибарыс Спатай жеңіп алды.
Ал әйелдер арасында KL3 санатында 200 және 500 метрлік қашықтықта Жаныл Балтабаева екі күміс медаль иеленді.
Бұл жарыс Таиландтың Районг қаласында өтті. Оған Азияның 10 елінен 123 параатлет қатысты.