Түлкібас ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жалпыаудандық сенбілік өтті. Дәстүрге айналған шараға барлығы 7 мыңнан астам адам қатысып, 63 техника жұмылдырылған. Атқарылған шаралар барысында көшелер мен саябақтар, қоғамдық орындар, су арналары тазартылып, бұлақ көздері ашылды. Акция қоршаған ортаны таза ұстауға, тұрғындарға үлгі көрсету және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған. Нәтижесінде, 129 тонна күл қоқыс шығарылған.
Айта кетейік, наурыз айынан бастап аудан аумағында 28 рет жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылған. Жүйелі жұмыстар аясында республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жол бойы қоқыстан тазаланған. Одан бөлек, ағаштарды әктеу, бұтау, шөп ору жұмыстары жүргізілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі