Түлкібас ауданы Жаскешу ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Түркістан облысы Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Шешімі № 33

 

Т.Рысқұлов ауылы                                                                     8 мамыр 2024 жыл

 

 

Түлкібас ауданы Жаскешу

ауылдық округі әкімінің кезектен

тыс сайлауын тағайындау туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 133 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Түлкібас ауданы Жаскешу ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы 2024 жылдың 8 мамырынан бастап, 2024 жылдың 16 маусым күні өткізілсін.
  2. Түлкібас ауданы Жаскешу ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы шешім аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде жариялансын

 

 

 

         Түлкібас аудандық аумақтық

         сайлау комиссиясының төрағасы                                       Е.Каратаев

 

         Түлкібас аудандық аумақтық

         сайлау комиссиясының хатшысы                                       С.Тлеубеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 мая 2024