Түлкібас ауданы Жабағылы
және Балықты ауылдық округ
әкімдерінің сайлауын
тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 133 бабына сәйкес, Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
- Балықты ауылдық округі әкімінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына, Жабағылы ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Балықты және Жабығылы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы 2024 жылдың 3 наурызға тағайындалсын.
- Түлкібас ауданы Жабағылы және Балықты ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы шешім аудан әкімі аппаратының ресми интернет сайтында және аудандық «Шамшырақ» газетінде жариялансын.
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Каратаев
Түлкібас аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының хатшысы Н.Серіков