Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
№ 137 ҚАУЛЫСЫ
Т.Рысқұлов ауылы 2026 жылғы 20 мамыр
Түлкібас ауданы
Састөбе кенті әкімі сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-1 бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 2026 жылғы 28 маусымға Састөбе кенті әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған Састөбе кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі қоса беріліп отырған негізгі іс- шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Шамшырақ» газетінде жариялансын.
Төраға Е.Каратаев
Хатшы С.Тлеубеков