Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай құттықтау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай құттықтау

Түркістан облысының туризм басқармасы Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер дүниеге келіп, Елбасының Жарлығымен 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды. Бұл күн – ақталған үміт күні болып біздің егемен Қазақстан тарихының төрінен орын алды.

Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай берсін!

Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!

Рәміздер күні құтты да, берекелі болып, ел бірлігі жасай берсін!