Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары туралы өзгерістер

Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидалары туралы өзгерістер

Түркістан облысының туризм басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі №220 қаулысына сәйкес, «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысының (бұдан әрі - Қаулы) 17 және 26-1-тармақтарына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды. Атап айтқанда, Қаулының 17-тармағында көрсетілген 57 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстан Республикасы аумағында 30 күндік мерзімге дейін біржақты негізде орнатылған визасыз болу тәртібі 2020 жылғы 1 қарашаға дейін уақытша тоқтатылды. Сонымен бірге, Қытай Халық Республикасы және Үндістан Республикасы азаматтары үшін Қаулының 26-1-тармағымен көзделген 72 (жетпіс екі сағаттық) визасыз режимін тоқтату мерзімі 2020 жылғы 1 шілдеден 2020 жылғы 1 қарашаға дейін ұзартылды. Осы Қаулы ұлттық, қызметтік және дипломатиялық паспорттарының иелері үшін Қазақстан Республикасымен визасыз режим орнату туралы екіжақты келісімдерге қол қойылған елдердің азаматтарына қолданылмайды. Аталған қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 2020 жылғы 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді. Қаулы күшіне енген күнге дейін жоғарыда аталған елдердің азаматтары Қазақстан Республикасына визасыз режим арқылы кірген жағдайда, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартусыз бұрын орнатылған тәртіп бойынша елден визасыз шығуға рұқсат беру қажет. Қазақстан Республикасына келу үшін аталған елдердің азаматтары ҚР СІМ-нің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген, Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларымен орнатылған тәртіпке сәйкес тиісті ҚР визаларын рәсімдейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жолда келе жатқан халықаралық жүк тасымалдауымен айналысатын жүргізушілердің визалық мәселелерінің көтерілуіне байланысты, бұл сұрақты шұғыл шешу мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауына аталған 57 елдердің жүргізушілеріне бұл Қаулының күші а.ж. мамыр айының бірінен бастап енуі туралы ұсыныс беруді жөн деп санаймыз. Осыған орай, жаңа енгізілген өзгерістерді жұмыс барысында ескеруді және қажет болған жағдайда, осы Қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдауды сұраймыз.