В Кентау намерены активно развивать туризм

В Кентау намерены активно развивать туризм

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің атынан облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев Кентау қаласының әкімі Д.Махажановпен Қаратау қорығындағы Хантағы туристік алаңы аумағында экологиялық және белсенді туризмді дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Инвестициялық туристік жобаларды жүзеге асыру жоспарланған 50 гектар жер анықталды, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Өз кезегінде Кентау қаласының әкімдігі биыл туристік аймаққа 8 шақырым жол, велосипед жолдары мен жарықтандыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Жақын болашақта туристік жобалар жасалып, әлеуетті инвесторларға ұсынылады.