Түркістан қаласында алғашқы рет «GASTRO FEST TURKISTAN - 2022» ұйымдастырылып, өткізілді

Түркістан қаласында алғашқы рет «GASTRO FEST TURKISTAN - 2022» ұйымдастырылып, өткізілді

Аталған іс-шараға 2 мыңнан астам адам қатысты. Гастрофестивальде ас әзірлеуден бөлек, концерт, ойындар, байқаулар мен шеберлік сабақтар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, аспаздық өнер фестиваліне қаланың 25-тен астам үздік мейрамханасы мен дәмханалар қатысып келген қонақтарға ұлттық, жергілікті тағамдар және көше тағамдарын ұсынды.