
Аудан басшысы мердігер «Барыс Строй-2030» ЖШС –нің жоспарлаған 48 пәтерлі тұрғын үйіне арналған орынның қолайсыз жерде орналасқанын айтып, оны ауыстыруды ұсынды. Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталып, жыл соңында аяқталуы тиіс көпқабатты тұрғын үйге жер телімін қаланың басқа бөлігінен алып, жүргізуді тапсырды. Мердігер мекеме басшысына аталған мәселеге қатысты аудандық әкімдік тарапынан заң аясында қолдау көрсетілетінін айтып, тұрғындардың өтінішін ескере отырып, бірлесіп еңбек етуге шақырды.